Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аймақтарында 2022 жылғы 02-ші ақпанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясы жарияланды.
Антициклон сілемі ҚР аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын қамтамасыз етеді. Ал батыс және солтүстік-батыс өңірлерге атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік-батыста жаяу бұрқасын күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман күтіледі.
Ақмола облысының солтүстігінде тұман, солтүстік-батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, түнде солтүстік-шығыста, шығыста көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының батысында көктайғақ, солтүстік-шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай облысының оңтүстігінде тұман түседі, солтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең және күндіз жаяу бұрқасын болады.
Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Атырау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, Павлодар облысының солтүстіктігінде, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, түнде Қарағанды облысының солтүстігінде тұман күтіледі.