Ақмола облысының прокуратурасы жұмысшылар құқын қорғады

Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

 BAQ.KZ  архив 11 Қараша 2024 2024, 18:15
11 Қараша 2024 2024, 18:15
574
Фото: архив

Егіндікөл ауданы прокуратурасымен талдау барысында жұмысшылардың жалақысын төлемеу фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Бас прокуратураға сілтеме жасап.

«Балбөбек балабақшсы» МКҚК-ны жалпы сомасы 5 млн теңгені құрайтын жалақы берешегі мен әлеуметтік және жеке табыс салығы төленбегені анықталған, - делінген ақпаратта.

Қадағалау актісі бойынша қарыз толық көлемде өтеліп, жауапты лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. Осылайша, кәсіпорынның 28 қызметкерінің конституциялық құқықтары қорғалды.

Наверх