Полиция полковнигі анықтау басқармасының бастығы Қанат Рыспаев пен оның жұбайы учаскелік полиция инспекторы подполковник Анар Рыспаеваға Наурыз Мейрамы биыл ерекше, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көктемнің басты мерекесі қарсаңында полицейлердің қызы - бір жасар Мәрияммен қазақтың ежелгі тұсаукесер рәсімі өткізілді.
Тұсауын кесу құрметі Департаменттің бірінші басшысы генерал-майор Думан Таевқа берілді. Бүкіл іс-шара шашу рәсімімен жүрді.
Наурыз Мейрамы мерекесіне орай қалыптасқан дәстүр бойынша ведомстволық мұражайда киіз үй түріндегі арнайы бұрыш безендіріліп, дастархан жайылып, іс–шара қонақтары наурыз көже мен ұлттық тағамдардан ауыз тиді.