Щучье қаласының астық қабылдау пункттерінің бірінде астық кептіру-тазалау комплексінде өрт шықты. Өрт кезінде қондырғыда 30 тонна күнбағыс тұқымы болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Шақыру орнына 2 дәреже бойынша келген құтқарушылар 30 тонна тұқымның өртенуін сөндіріп, әрі қарай оттың таралуына жол бермеді.
Сондай-ақ оқиға орнына Ақмола облысы ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы Бақытжан Алашов барып, өртті сөндіру жұмыстарын қадағалады.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда, - деп жазылған хабарламада.