Ақмола облысының фермерлері 6,6 млн тонна астық жинап, рекорд орнатты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс басшысы Марат Ахметжановтың сөзінше, биыл Ақмола облысы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша оң нәтижеге қол жеткізді.
Оның айтуынша, өткен агрокезеңде өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізіп, елдің негізгі астық алқабы мәртебесін дәлелдеді.
Негізгі міндеттердің бірі – ауыл шаруашылығы саласын өңір экономикасының басты драйверіне айналдыру. Биыл ауыл шаруашылығы өнімінен 1 трлн теңгеден астам кіріс түседі. Өңір диқандары 6,6 млн тонна рекордтық астық жинады. Өнімділік – гектарынан 14 ц асты. Астықтың 60%-дан астамы тауарлық сапасы жоғары бидай, – деді әкім ОКҚ-да.
Сондай-ақ Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен брифингте су тасқыны салдары қалай жойылғанын айтқан еді.