Ақмола облысының аумағында ұшақ құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді.
17 тамызда Жалпы мақсаттағы авиация желісі бойынша ұшуды орындау кезінде Aerostar R40F UP-LA229 жеңілмоторлы кемесінің әуе оқиғасы орын алды. Көлік министрлігіне қарасты Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментінің қызметкерлері апат орнында жұмыс істеп жатыр, - деп жауап берді ведомство редакцияның сауалына.
Авиациялық апаттарды тексеру ережелеріне сәйкес комиссия құрылғаны белгілі болды.