"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында биыл қаңтарда 95 автокөліктің соқтығысуымен болған жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сіз айтқан жол-көлік оқиғасына қатысты сандарға көшкім келеді. Егер 3 қаңтарда сағат 11:30-да болған Астана-Щучье тасжолындағы жол-көлік оқиғасына келер болсақ, ол жерде 97 автокөлік апатқа ұшыраған. ЖКО деректеріне сәйкес, қылмыстық іс қозғалды. Сот процестері болып жатыр. Кінәлілер әлі анықталған жоқ. Процесс жалғасуда, - деді Дархан Иманашев.
Айтуынша, жол қызметі мен полиция барлық қажетті шараны жасаған. Ал кейбір жүргізуші тиісті ережені сақтамаған.