15 маусымда Қорғалжын ауданы Шалқар ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы «Қорғалжын қорығы» МҰТП аумағында, Сарыкөл ауданындағы аралда қамыс отқа оранды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, қазіргі уақытта ТЖД күштерімен 8 адам, 2 бірлік техника, 2 бірлік жүзу құралдары, сондай-ақ Қорғалжын қорығының 27 қызметкері мен 11 бірлік техникасы қызыл жалынмен күресуде.
Өртті сөндіру жердің батпақты болуына, қатты желге, қамыстың тығыздығына және өрт ошағына кірме жолдардың қолжетімсіздігіне байланысты күрделене түсуде. Сондай-ақ Целиноград ауданынан қосымша күштер мен техника келеді деп күтіледі, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы Нұрлан Күлбаев.
Қазіргі уақытта қызыл жалын 125 гектар аумаққа тараған. Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.