Ақмола облысындағы «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларды жөндеді

Бүгiн, 07:18
222
Бөлісу:
Ақмола облысындағы «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларды жөндеді
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Ақмола облысы бойынша «Қазсушар» филиалы Сілеті су қоймасындағы қақпаларға жөндеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Кеңбидай гидроторабындағы қақпаларды жөндеу және Шағалалы су қоймасындағы төменгі бьефті жөндеу жұмыстары да аяқталды.

Одан бөлек Подлесный және Қоянды су қоймалары мен «Айдабұлақ», «Щучье саяжайлары» және «Алексеевка» бөгеттеріне көп факторлы тексеру жұмыстары жүргізілді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда 2028 жылға дейін 42 су қоймасын салу жоспарланып отырғанын жазған едік.

Өзгелердің жаңалығы