Ақмола облысындағы өрт аумағы 130 гектарға дейін жетті

17 Маусым 2023, 10:33
923
Бөлісу:
Ақмола облысындағы өрт аумағы 130 гектарға дейін жетті
Фото: ТЖМ

14 маусымнан бастап Қорғалжын қорығының аумағында қамыс өртеніп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология министрлігінің мәліметінше, өртті 40-тан астам адам сөндіріп жатыр.

Кеше ТЖМ сөндіру негізінен ауадан (тікұшақтардан) жүргізіліп жатқанын мәлімдеген болатын. 

Қорық Астанадан 130 шақырым жерде орналасқан, ЮНЕСКО-ның әлемдік мұра нысандарының тізіміне кіреді.

Мұнда құстардың 350-ден астам түрі бар. Мұнда жиі қызғылт қоқиқаздарды кездестіруге болады.

Еске салсақ, Қорғалжын ауданы Шалқар ауылынан 25 шақырым жерде қамыс өртенді. Жағдай бақылауға алынды, өртті жою бойынша барлық шаралар қабылдануда. Өрттің таралу қаупі жоқ.

Өртті сөндіруге мемлекеттік ұлттық табиғи парктен, Ақмола облысының ТЖД және Астана қаласының ТЖД-нан 43 адам және 17 техника жұмылдырылды. Сөндіру бойынша негізгі жұмыстар ТЖМ авиациясының көмегімен жүргізіледі, жалпы көлемі 150 тоннадан астам 52 су ағызу жүзеге асырылды.

Өзгелердің жаңалығы