Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Артём Чурсинов  -архив 9 Қазан 2024 2024, 22:15
9 Қазан 2024 2024, 22:15
965
Фото: -архив

Ақмола облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазақстан теміржолы" Ұлттық компаниясы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 қазан сағат 17:40-та Есіл-Құсмұрын учаскесінің Сұрған станциясында электровоз бен жүк вагондарының рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар жоқ, - деп атап өтті компаниядан.

Белгілі болғандай, апат салдарын жою үшін қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды.

Оқиға себептерін тексеру үшін комиссия жіберілді.

Наверх