Ақмола облысында кеше жоғалып кеткен баланың денесі табылды. Бұл туралы еріктілер Instagram парақшасында жазды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Сәбидің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, - делінген парақшада.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 22.00 шамасында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қараөткел (Ильинка) ауылының тұрғыны төрт жасар ұлын іздеуга көмек беруін сұраған хабарлама келіп түскен.
Ата-анасының айтуынша, сағат 17.30 шамасында бала аулаға серуендеуге шыққан, содан бері оның қайда жүргені белгісіз болған.
Полиция қызметкерлері дереу іздеу шараларын ұйымдастырған, баланың денесі үйдің жанында орналасқан кәріз құдығынан табылған.
Қазіргі уақытта полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша қажетті тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.