Ақмола облысында жоғалған студент бойжеткен Астанадан табылды

5 Қараша 2023, 22:05
594
Бөлісу:
Ақмола облысында жоғалған студент бойжеткен Астанадан табылды
Фото: polisia.kz

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін Астанадан табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау полиция басқармасының қызметкерлері қызды облыс орталығымен қоса Астанадан да іздеген.

Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туыстарына тапсырды, – деп жазды Ақмола облыстық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Сонымен бірге осыдан он күн бұрын, 24 қазанда үйінен кетіп қалған, Қосшыдағы мектептердің бірінде оқитын 14 жастағы бала да Астанадан табылды.

Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

Ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.

Полицейлер ата-аналарға балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабар беруді ескертті.

Өзгелердің жаңалығы