Ақмола облысында үшем дүниеге келді

5 Сәуір 2022, 04:21
1685
Бөлісу:
Ақмола облысында үшем дүниеге келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шортанды ауданының Октябрьское ауылында тұратын 33 жастағы Аида Караян үшем дүниеге әкелді.

Жаңа босанған әйел мен балалары Нұр-Сұлтан қаласындағы Ана мен бала орталығынан үйіне шықты, деп хабарлайды аудан әкімдігі.

Жаңа туған нәрестелердің есімін ата-анасы Амина, Мәдина және Рамина деп қойды. Николай мен Аиданың бұдан басқа үш жасар Дмитрий есімді ұлы бар, - дейді Шортанды ауданы әкімдігінен. 

Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жүктілігі қалыпты болған, балалар жүктіліктің 32-ші аптасында 2195,1951 және 1798 грамм салмақпен дүниеге келген. 

Бұл - Шортанды ауданында үшем дүниеге келіп отырған екінші жағдай. 2021 жылдың тамызында Степное ауылының тұрғыны да үшем туған болатын, - деп толықтырды аудан әкімдігінен.

Өзгелердің жаңалығы