Ақмола облысында Қытай азаматтары қар құрсауында қалып қойды

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

 Скриншот 19 Ақпан 2026, 07:48
19 Ақпан 2026, 07:48
711
Фото: Скриншот

Ақмола облысы, Шортанды ауданы аумағында Жолымбет ауылынан 50 шақырым жерде Қытай Халық Республикасының екі азаматы төтенше жағдайға тап болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қалың қар салдарынан олардың автокөлігі қарға батып, ер адамдар өздігінен шыға алмады.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жедел түрде оқиға орнына жетіп, күрделі жол жағдайына қарамастан автокөлікті тауып, эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Құтқарылған азаматтар Жолымбет кентіне жеткізілді.

Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.

Наверх