Ақмола облысында қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық адам анықталды

2 Желтоқсан 2022, 06:38
2119
Бөлісу:
Ақмола облысында қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық адам анықталды

Ақмола облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп қос азаматтық фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz-ға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» ҚР Заңының 21-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы бар және сонымен қатар шет мемлекеттің азаматтығын алған азамат күнтізбелік 30 күн ішінде бұл туралы ҚР Ішкі істер органдарына немесе ҚР шет елдердегі мекемелеріне хабар беруі міндетті. Одан бөлек, азаматқа Қазақстан Республикасының төлқұжатын және (немесе) жеке куәлігін тапсыру қажет болады.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бастап Ақмола облысының аумағындағы көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтығы бар 3 мыңға жуық адамға қатысты азаматтығынан айырылу фактісін тіркеді, - деп хабарлайды Ақмола облысы полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқармасы.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Мәселен, Қазақстан азаматтығынан айырылған адам ҚР азаматының төлқұжатын немесе жеке куәлігін пайдаланған жағдайда жеке тұлғаларға 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Өзгелердің жаңалығы