Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында полицейлер қарулы қақтығысқа қатысқандарды ұстады. Тәртіп сақшылары олардан травматикалық тапаншалар, кастеттер мен пышақтар тәркіледі.
28 маусымда Қарасай айналма жолы бойындағы автодромда төбелес болып, арты қарулы қақтығысқа ұласқан. Оқиға орнына криминалдық полиция басқармасының, арнайы мақсаттағы бөлімшенің, жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп жетті.Алдын ала тергеу барысында қақтығысқа қатысқан 15 адамның 22 жастан 40 жасқа дейінгі Көкшетау мен Қарағандының тұрғындары екені анықталды. Оқиға орнынан Тanfoglio мен "Стражник" маркалы травматикалық тапаншалары мен патрондар, бұрыш бүріккіштері, пышақтар мен кастеттер тәркіленді,– деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі, яғни "Қаруды заңсыз сақтау және тасымалдау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.