Ақмола облысында қысқы балық аулауға шыққан 6 адам Целиноград ауданының Жарлыкөл көлінен эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары балықшыларды қар құрсауынан шығарып, жол талғамайтын көлікпен Жалғызқұдық ауылына жеткізді.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.