Ақмола облысында пойыз 32 жылқыны қағып кетті

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сілтеме жасап.

27 Ақпан 2023 2023, 17:04
АВТОР
 Polisia.kz 27 Ақпан 2023 2023, 17:04
27 Ақпан 2023 2023, 17:04
1370
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында жүк пойызы 32 жылқыны қағып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ  polisia.kz сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 ақпанда Ақмола облысының Көкшетау-Жамантұз станциясының өткелінде жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылардың жайылып жүргеніне байланысты шұғыл тежегішті басқан. Алайда соқтығысудың алдын алу мүмкін болмай, салдарынан пойыз 32 жылқыны қағып кетті.

Пойыз 50 минут тоқтап тұрған.

Теміржол аумағында жылқылардың жайылуына жол берген Игілік ауылының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Малдың қалған иелері – осы ауылдың тұрғындары үй жануарларын кезекпен жайып жүргендерін түсіндірді.

ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Наверх