Ақмола облысында екі қабатты монша өртенді. Құтқарушылар 25 адамды қауіпсіз жерге шығарып алды, деп хабарлайды BAQ.KZ төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдай Целиноград ауданындағы Қараөткел кентінде болған. Екі моншаның ішінде ағаш қаптама жанған. Содан өрт шықты.
Өрт сөндірушілер баспалдақпен 25 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Олардың ішінде 17 бала бар. Бұдан бөлек, 3 газ баллоны шығарылды, - дейді құтқарушылар.
Құтқарушылар өртті жылдам өшірді. Зардап шеккендер жоқ. Қазіргі кезде өртті себебі анықталып жатыр.