Ақмола облысында мұғалімдерге еңбекақы төленбегені белгілі болды

Ақмола облысында мұғалімдерге уақытылы еңбекақы төлемеу деректері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

 Артём Чурсинов  - архив 30 Желтоқсан 2025 2025, 15:46
30 Желтоқсан 2025 2025, 15:46
946
Фото: - архив

Ақмола облысында мұғалімдерге уақытылы еңбекақы төлемеу деректері анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Ерейментау ауданының прокуратурасымен жүргізілген талдау барысында Білім бөлімімен еңбекақы төлемеу деректері анықталды. 

Прокуратураның араласуынан кейін мұғалімдерге еңбекақы төлеу қарызы өтелді.

Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде 247 млн теңге көлеміндегі еңбекақы қарызы толық өтеліп, 1 732 мұғалімдердің еңбек құқықтары қорғалды. Аудан прокуратурасы жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының талаптарын қатаң сақтау, еңбекақыны уақытылы әрі толық төлеу қажеттігін еске салады, - деп хабарлады  Ақмола облысының прокуратурасы. 

Наверх