Ақмола облысында монополист тарифтерді заңсыз өсірген

28 Қазан 2024, 16:41
382
Бөлісу:
Ақмола облысында монополист тарифтерді заңсыз өсірген
Фото: Артём Чурсинов - Архив

Ақмола облысы, Атбасар аудандық прокуратурасы «Атбасар су» ШЖҚ МКК-ның қызметінде, тарифті қалыптастыру кезіндегі заңнаманың бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бас прокуратураның мәліметінше, атап айтқанда, кәсіпорын әлеуметтік салық пен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемдерді негізсіз енгізген.

Енгізілген қадағалау актісінің нәтижесі бойынша бюджеттік ұйымдар үшін орташа өлшенген тариф ағымдағы жылдың қараша және желтоқсан айларындағы тарифтер 20 025,16 теңгеден/Гкал-дан 16 398,62-ге дейін, ал заңды тұлғалар үшін– 8 007,42-ден 6 557 дейін төмендетілді, - делінген хабарламада.

Осылайша, жергілікті тұтынушылардың, оның ішінде 424 заңды тұлғаның мүдделері қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы