Ақмола облысының Бестөбе кентінде жүкті әйел қайтыс болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Бестөбенің 34 жастағы тұрғыны 6 баланың анасы, жетінші баласына жүкті болған. Қайғылы оқиға 18 қазанда үйде болды.
Әйел өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Оқиға болған кезде отбасы мүшелері қасында болған.
"Бестөбе тұрғынының қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаймыз. Тергеу шеңберінде қажетті сараптамалар мен тергеу іс-шаралары жүргізілуде", - дейді ведомство.
Әйелдің 6 баласы кәмелетке толмаған. Марқұмның денесі сараптамаға жіберілді. Денесінде зорлық-зомбылықтың белгілері табылмаған.