Ақмола облысында көлік өртеніп кетті

Ақмола облысының құтқарушылары көліктен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 14 Шілде 2024 2024, 21:48
14 Шілде 2024 2024, 21:48
787
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысының құтқарушылары көліктен шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірге қарасты Целиноград ауданының Кабанбай Батыр ауылының шетінде 6 шаршы метр ауданды қамтыған жеңіл автокөлік өрті тіркелді.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде тілсіз жау дер кезінде сөндірілді. Оқыстан болған төтенше оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Қазір сала мамандары өрттің себебі анықтап жатыр.

Бұл ретте ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды қаперге салады.

Наверх