Ақмола облысында кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама жіберілген

17 Тамыз 2022, 02:29
1112
Бөлісу:
Ақмола облысында кәсіпкерлерге заңсыз хабарлама жіберілген

Ақмола облысында кәсіпкерлерге 24 заңсыз хабарлама ұсыну дерегі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  

Жарқайың ауданының прокуратурасы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы ұсынған хабарламаларды талдау барысында аудан кәсіпкерлеріне 24 заңсыз хабарлама ұсыну дерегін анықтады. Бұл кәсіпкерлердің барлығы кәсіпкерлік қызметін 2022 жылы бастады, ал салық органы 2021 жылғы кезеңге салық есептілігін ұсынбау туралы хабарлама шығарды, - деді Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, хабарламалар орындалмаған жағдайда Салық кодексінде оны орындатудың мәжбүрлеу шаралары көзделген, яғни кәсіпкерлерге қатысты шектеу сипатындағы шаралар қолданылады. Кәсіпкерлердің атына хабарламаларды заңсыз ұсыну олардың қызметіне уәкілетті органның негізсіз араласуына әкеп соқты.

Осыған байланысты, прокуратура ауданның салық органының атына қадағалау актісін енгізді, оны қарау нәтижелері бойынша заңсыз шығарылған хабарламалардың күші жойылды, - деп толықтырды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы