Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында гараж өртенді

20 Қаңтар 2025, 06:25
447
Бөлісу:
 Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында өрт сөндірушілер гараждағы өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Аршалы ауданының Жібек Жолы ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында гараж өртке оранған.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында 30 шаршы метр өрт сөндірілді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ, өрттің себебі анықталуда.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе112 нөмірі бойынша хабарласу керек.

Өзгелердің жаңалығы