Ақмола облысында бұзылған автобустан 14 адам эвакуацияланды

11 Қаңтар 2024, 04:20
623
Бөлісу:
Ақмола облысында бұзылған автобустан 14 адам эвакуацияланды
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Ақмола облысында бұзылған автобустан 14 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «Астана-Петропавл» автожолында болған. Автобус Екатеринбург қаласынан Қарағанды қаласына жол тартқан болатын. Автобусты жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жолаушылар Макинка ауылының жылыту пунктіне орналастырылған, - делінген ведомство хабарламасында.

Біржан Сал ауданының құтқарушылары жергілікті атқарушы органдармен және патрульдік полиция батальонының қызметкерлерімен бірлесіп 14 адамды жылыту пунктіне орналастырды.

Өзгелердің жаңалығы