Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақмола облысында бұланның кесірінен екі жол апаты болды

18 Қыркүйек 2022, 18:32
1460
Бөлісу:

Ақмола облысында жабайы аңның республикалық тас жолға шығуына байланысты бірден екі жол апаты орын алды. 38 жастағы жүргізуші зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер анықтағандай, жабайы бұлан республикалық Нұр-Сұлтан - Петропавл тас жолына шығып кеткен. Салдарынан бірден екі автокөлікке механикалық зақым келген, ал олардың бірінің жүргізушісі түрлі жарақатпен емдеу мекемесіне жатқызылды.

Апат 18 қыркүйек күні таңғы сағат 07:00 шамасында болған. Қазіргі уақытта Бурабай ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Өзгелердің жаңалығы