Ақмола облысында астық кептіретін агрегат өртенді

Ақмола облысында астық кептіру агрегатынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 20 Желтоқсан 2024 2024, 21:43
20 Желтоқсан 2024 2024, 21:43
727
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Ақмола облысында астық кептіру агрегатынан өрт шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Целиноград ауданы Ақмол ауылында астық кептіру агрегатында тұқымдар өртенген.

Жедел келген өрт сөндіру бөлімшелері отпен күресіп, өрттің таралуына жол бермей, оны 50 шаршы метр алаңда сөндірді, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

ТЖД кәсіпкерлерді өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Наверх