Ақмола облысында әлеуметтік қызметкер қарияның зейнетақысын жымқырды

Ақмола облысы Атбасар ауданында полицейлер зейнетақы төлемдерін жымқыру ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 pixabay.com 20 Қыркүйек 2025 2025, 09:18
20 Қыркүйек 2025 2025, 09:18
880
Фото: pixabay.com

Ақмола облысы Атбасар ауданында полицейлер зейнетақы төлемдерін жымқыру ісін тергеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға жақын шетелдің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, әкесі зейнетақысын алуды әлеуметтік қызметкерге сеніп тапсырған. Әйел сенімхат бойынша қаңтардан шілдеге дейін ай сайын ақша алып отырғанымен, қаражатты иесіне бермеген. Залалдың жалпы сомасы 868 мың теңгені құрады.

Тәртіп сақшылары күдіктіні – Атбасар қаласының тұрғынын анықтады. Оған бөтеннің мүлкін иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция тұрғындарға ескертеді: зейнетақы немесе әлеуметтік төлемдерді алу үшін сенімхатты тек жақын әрі сенімді адамдардың атына рәсімдеу қажет. Сондай-ақ қаржының түсуін жүйелі түрде қадағалап, күдік тудырған жағдайда бірден құқық қорғау органдарына жүгінген жөн.

Наверх