Ақмола облысында әкесі мен баласына найзағай түсіп, мерт болды

Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесі мен баласына найзағай түсіп, көз жұмды.

 freepik 2 Маусым 2025 2025, 04:29
2 Маусым 2025 2025, 04:29
2559
Фото: freepik

Ақмола облысының Зеренді ауданында әкесі мен баласына найзағай түсіп, көз жұмды. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 37 жастағы ер адам мен оның 9 жасар ұлы найзағай басталған кезде мал бағып жүрген. Табиғат құбылысы екеуінің де өмірін жалмады.

Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тиісті шаралар жүргізілуде. Тексеру нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданады, – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Наверх