Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен 627 жұмыскердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Степногорск қаласының прокуратурасы еңбек заңнамасы саласында талдау жүргізу нәтижесінде жұмыскерлердің құқықтарын қорғап, қалпына келтірді. Степногорск қаласының жергілікті атқарушы органдары Еңбек кодексінің 23-бабын бұза отырып, еңбек шартын жасасу және тоқтату туралы мәліметтерді еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (әрі қарай-ЕШЕБЖ) енгізген жоқ.
Соның салдарынан жұмыскерлердің жүйеден деректер алу құқықтары бұзылған. ЕШЕБЖ-ның негізгі артықшылықтары келісім-шарттың, жарналардың және қорларға жарналардың болуын көрсету арқылы қағаз құжаттарды жинау және әлеуметтік тәуекелдерден қорғау қажеттілігінің болмауына байланысты жұмысқа орналастыру процесін жеңілдету, сондай-ақ жұмыс берушінің жұмыскерлер алдындағы міндеттемелерін бекіту, - делінген ақпаратта.
Анықталғандай, 2023-2024 жылдары жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан 627 жұмыскер туралы мәліметтер енгізілмеген. Қадағалау актісі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде 627 адамның құқықтары қорғалды, 12 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.