Ақмола облысында 4,7 млн га алқаптан астық жинау жоспарлануда

Кеше, 20:53
143
Бөлісу:
Ақмола облысында 4,7 млн га алқаптан астық жинау жоспарлануда
Фото: АШМ баспасөз қызметі

Өңірде 559 мың га алаңынан астық жиналды, орташа өнімділігі 11,9 ц/га 663,2 мың га бастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өнімділік бойынша Атбасар ауданының «Шуйское» ЖШС көш бастап тұр, онда шаруалар гектарынан 25 центнерден жинайды.

Облыста барлығы 5,4 млн гектар алқаптан өнім жинау қажет, оның 4,7 млн гектары - дәнді дақылдар.

Шаруалар астықтың жалпы түсімі 5,2 млн тоннаны құрайды деп күтеді, орташа өнімділігі 11,2 ц / га.

Сыйымдылығы 4 млн тоннадан асатын 66 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары және 2,8 млн тоннаға ауыл шаруашылығы өндірушілерінің астық қоймалары жаңа егінді қабылдауға дайын.

Жалпы алғанда, егін жинау науқанына 9 мыңға жуық астық жинау техникасы жұмылдырылды, оның негізгі бөлігі қазіргі заманғы өнімділігі жоғары комбайндар. Тек ағымдағы жылы шаруашылықтар 31 млрд теңгеге 873 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Өзгелердің жаңалығы