Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, мерт болды, – деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай 23 мамырда болған.
Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақмола облысының Атбасар қаласында 37 жастағы әйел бесінші қабаттан құлап, көз жұмды. Қазіргі кезде полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабының 1-бөлігі «өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деді ведомство.