Ақмола облысында 11 жолды су басты

Кеше, 13:39
231
Бөлісу:
Ақмола облысында 11 жолды су басты

Ақмола облысында көктемгі су тасқынына байланысты 11 автожолды су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 12 ауданда су қоймаларында мұз кептелісін болдырмау үшін жарылыс жұмыстары жүргізілген. Бұл мақсатта 3,5 тонна жарылғыш зат пайдаланылып, 25 149 шаршы метр аумақта мұз жарылды.

Аймақтағы су тасқынына қарсы шараларға: 836 адам, 518 техника, 48 мотопомпа, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Сонымен қатар 100 мың текше метр су сорылып, 222 метр дамба мен бөгеттер бекітілді, 17 мыңнан астам құм қап төселді, 66 шақырым арна жүйесі тазартылды.

Төтенше жағдайлар қызметі, жергілікті билік органдары, әскери бөлімдер және полиция қызметкерлері бірігіп жұмыс жүргізуде. Қабылданған жедел шаралардың арқасында бірқатар аймақта жағдайдың ушығуына жол берілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы