Ақмола облысында 10 тонна шөп өртенді

Степногорск қаласының өрт сөндірушілері шөптің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Төтенше жағдайлар министрлігі 27 Қыркүйек 2024 2024, 23:18
27 Қыркүйек 2024 2024, 23:18
801
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Степногорск қаласының өрт сөндірушілері шөптің жануын сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан мәліметке сүйенсек, бүгін кешке Бестөбе кентінде ашық аумақта жүк көлігінің тіркемесінде 10 тонна шөп өртенді.

Автокөлікке таралу қаупі тіркемеден ашық жерге шөпті түсіру арқылы жойылды. Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Наверх