Төтенше жағдайлар министрлігі Пранге Вадим Владимировичтің мезгілісіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Вадим Владимирович өмірінің саналы бөлігін төтенше жағдайлар органдарында қызмет етуге арнады. Қызметін Ақмола облысы Азаматтық қорғаныс штабы байланыс бөлімінің аға офицерінен бастап Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.
Вадим Владимировичтің өмір жолы құрметке лайық, ол өзінің кәсіби тәжірибесімен және жұмысқа деген адал көзқарасымен жас мамандарға үлгі болды.
Еңбегі үшін үш дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалдарымен марапатталды.
Вадим Владимирович азаматтық қорғау органдарының дамуына баға жетпес үлес қосты. Қазіргі уақытта республика бойынша бірнеше офицер тәрбиеледі, олар қазір азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаруда.