Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгiн Ақмола облысының басшысы Ермек Маржықпаев аппараттық кеңесте облыс әкiмiнiң жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл туралы облыстың ресми интернет-ресурсы жазды.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 3 сәуiрдегi өкiмiмен Асқар Мұратұлы Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.
Асқар Мұратұлы, 1976 жылы туған, Шығыс Қазақстан техникалық университетiн инженер-экономист мамандығы бойынша және Гончаров ат. Қазақ автомобиль жолдары университетiн инженер мамандығы бойынша бiтiрген.
Еңбек жолын 1998 жылы Шығыс Қазақстан облысы сауда және қызмет көрсету департаментiнiң инспекторы болып бастаған. Әр жылдары «Қазақавтожол» РМК Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстық филиалдарының директоры болып iстедi.
2007-2012 жылдары Астана қаласы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ҚР Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң сарапшысы, Жамбыл облысы бойынша қаржы бақылау инспекциясы бастығының орынбасары болып iстедi.
2012-2015 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарды.
2015-2017 жылдары Зерендi ауданының әкiмi болды.
Осы тағайындауға дейiн Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып iстедi.