2024-2025 оқу жылына Ақмола облысы әкімдігінің гранттары иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысында 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 195 грант мөлшерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды.
Оның ішінде:
педагогикалық мамандықтарға - 100 грант (бакалавриат);
жылу энергетикасына -10 грант (бакалавриат);
медициналық мамандықтарға - 50 грант (бакалавриат) және 35 грант (резидентура).
Жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурстық негізде Көкшетау, Астана, Алматы, Қостанай, Семей, Павлодар қалаларында 9 жоғары оқу орындарында орналастырылған: 2024 жылдың 14 тамызында талапкерлерден "бакалавриат" бойынша грантқа өтуге өтініштер қабылдау аяқталды.
Талапкерлерден педагогикалық ғылымдарға 193 өтініш, денсаулық сақтау саласына 257 өтініш, жылу энергетикасына 1 өтініш берілді. Грантты бөлу кезінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 26-шілдедегі № 357 "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы" бұйрығымен айқындалған тұлғаларды қабылдау квотасының мөлшері ескерілді.
Естеріңізге сала кетейік, ЖАО қаражаты есебінен грант негізінде түскен азаматтармен Ақмола облысының аумағында кемінде 3 жыл жұмыспен өтеу туралы шарт жасалады. Толық тізімді көру үшін мына сілтеме арқылы өтіңіз.