Ақмарал Науатбек Паралимпиаданың финалына өтті

Бүгiн, 15:56
140
Бөлісу:
Ақмарал Науатбек Паралимпиаданың финалына өтті
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі

Пара дзюдодан отандық спортшы Ақмарал Науатбек финалға жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, пара дзюдодан J2 санатындағы 48 келі салмақ дәрежесінде сынға түсетін Ақмарал Науатбек жартылай финалда түркиялық Джахиде Екені иппонмен жеңіп, финалға жолдама алды. 

Финалдық кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Бұған дейін пара жүзуден SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Нұрдәулет Жұмағали финалға жолдама алған болатын.

Өзгелердің жаңалығы