Ақмарал Науатбек парадзюдодан Әлем чемпионы болды

Бүгін әлем чемпионатында парадзюдошы Ақмарал Науатбек 48 кг салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

8 Қараша 2022 2022, 20:40
АВТОР
 8 Қараша 2022 2022, 20:40
8 Қараша 2022 2022, 20:40
4758

Бүгін әлем чемпионатында парадзюдошы Ақмарал Науатбек 48 кг салмақта өнер көрсетіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақмарал финалда паралимпиада ойындарының 2 дүркін жүлдегері франциялық Ауриерес Мартинет Сандрин кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіс тұғырынан көрінді. 

Парадзюдодан әлем чемпионаты Бакуда  8-11 қараша аралығында өтуде. Жарыста 41 мемлекеттен 270 спортшы сынға түседі.  Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасынан 18 спортшы ел намысын қорғайды.

Айта кетсек, тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет пара дзюдодан әлем чемпионатында алтын медальді 2018 жылы 60 кг салмақта Олжас Оразалыұлы еншілеген болатын. 

Наверх