АҚДМ 2021 жылды қорытындылады

31 Желтоқсан 2021, 08:30
1285
Бөлісу:
АҚДМ 2021 жылды қорытындылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі 2021 жылдағы айтулы оқиғалардың маңыздылығын атап өтті.

2021 жылғы айтулы оқиға билік пен қоғам диалогының маңыздылығын дәлелдеген және Қазақстан Тәуел. сіздігінің 30 жылдығына орайластырылған Қазақстанның мерейтойлық X Азаматтық форумы болды. Форум Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылының негізгі қорытындыларын шығарып, оны одан әрі дамытудың перспективаларын белгіледі. ҮЕҰ, БАҚ, бизнес және жалпы азаматтық сектор өкілдерінен 1000-нан астам ұсыныстар келіп түсті. Форумға алғаш рет БҰҰ, ЕҚЫҰ, USAID, UNICEF және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Министрлік Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын идеологиялық тұрғыдан толықтыру мәселелеріне ерекше назар аударды.  Өткен жылдың әр айында ел Егемендігінің негізгі қырларын ашатын арнайы тақырыптық блок анықталды. Жыл басынан бері ел өмірінің барлық салаларындағы ауқымды өзгерістерді жан-жақты көрсететін 13 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Жыл бойы 30jyl.kz арнайы сайты жұмыс істеп; әр аптаның қорытындысы бойынша «Тәуелсіздік күнделігі» атты бейнеролик көрсетіліп, онда негізгі іс-шаралар туралы ақпарат енгізілді. Бұл видеодайджесттер басты республикалық телеарналарда, сондай-ақ әлеуметтік желі алаңдарында орналастырылды.

Жалпы, министрліктің 2021 жылғы жүйелі және кешенді жұмысы, жетекшілік ететін бағыттардағы мемлекеттік саясатты іске асыруға баса назар аударылды: ақпарат және БАҚ қызметі, ақпаратқа қолжетімділік, үкіметтік емес сектормен өзара іс-қимыл, діни қызметті реттеу, этносаралық қатынастарды дамыту, жастар және отбасы саясаты, сондай-ақ "Рухани жаңғыру" бағдарламасын үйлестіру.

2021 жылы министрлік алғаш рет жұртшылық, БАҚ өкілдерімен жария талқылау және барлық мүдделі органдармен келісу рәсімінен кейін журналистердің құқықтары бұзылған жағдайда олардың құқықтарын қорғау регламентін қабылдады.

Журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелері, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша отандық телеарналарда әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру және орналастыру ережелері құрылып, жұмыс істей бастады.

Министрлік салалық журналистерді даярлау мақсатында 7 бірдей меморандумға қол қойды. Олар: медицина бойынша (С.Д.Асфендиярова  ат. ҚазҰМУ, Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ); дін саласы бойынша (Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ), экология бойынша (Әл-Фараби ат. ҚазҰУ), IT саласы бойынша (ХАТУ), аграрлық сала бойынша (М.Қозыбаев ат. СҚУ), құқық саласы бойынша (М.С.Нарикбаев ат. КазГЮУ) және қаржы-экономикалық сала  бойынша (К.Сағадиев ат. ХБУ).

4000 мыңнан астам маман салалық журналистика негіздерін, атап айтқанда медицина, этносаралық қатынастар, дін, IT-саласы, экология, аграрлық сектор, қаржы және экономика, құқықтану мәселелерін ақпараттық сүйемелдеу ерекшеліктері бойынша түрлі курстардан өтті.

STOPFAKE.KZ сайтында 2021 жылы 900-ден астам жалған ақпарат теріске шығарылды. Жалпы алғанда, ресурс құрылғаннан бері бір жарым жылдың  ішінде 2000-ға жуық жалған ақпарат жоққа шығарылды. Қазіргі уақытта әртүрлі платформаларда аталмыш жобаның мазмұны жеті миллионнан астам қаралым жинады.

Қазақстанның ақпараттық кеңістігі символдарының бірі «Қазақ радиосының» 100 жылдық мерейтойы өтті. Қазірдің өзінде елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазақ радиосы» хабар тарату желісі 40 мыңнан астам халқы бар шекара маңындағы аумақтардың 35 елді мекенін қосымша қамтыды. 430 мыңнан астам адам тұратын Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының шекара маңындағы аумақтарының 400 ауылын радиоға қосу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Ел тарихында алғаш рет 2021 жылы Министрліктің тапсырысы бойынша әлемде танымал балалар арналарының мультипликациясын қазақ тіліне аудару, мультипликация кейіпкерлерін қазақ тілінде сөйлету бойынша ауқымды жобаны іске асыру жұмысы басталды. Осылайша, балалардың жоғары сұранысына ие TiJi және Nickelodeon телеарналарының контентін қазақ тіліне аудару бойынша арнайы шарт жасалды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, 2021 жылы отандық телесериалдар, деректі тарихи фильмдер өндірісінің белсенді дәуірінің бірінші кезеңі басталып, іске асырылды. Биылғы жылдың өзінде тарихи бағыттағы сериалдар өндіру үлесі 30%-ға ұлғайды.

Еліміздің ірі телеарналарының эфирінде көрермендердің көптеген оң пікірлеріне ие болып, көрермен көңілінен шыққан Ахмет Байтұрсынов, Қаныш Сәтпаев, Жәңгір хан, Роза Бағланова және басқалары туралы сериалдар көрсетілді.

«Ел арна» мәдени-білім беру арнасында қайта форматтау жұмыстары басталып, әлемнің 100-ден астам елінде хабар тарататын Qazaq TV арнасының ребрендингі жүргізілуде.

Алғаш рет ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған анимациялық мектеп іске қосылып, олар үшін Қазақстан, сондай-ақ Жапония мен Оңтүстік Корея шеберлері кәсіби оқыту курсын өткізді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында медиа саласындағы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары, сондай-ақ «Astana Media Week» халықаралық медиа-апталығы өтті.

Жүйелі шаралардың маңызды бөлігі – үкіметтік емес сектормен жұмыс болды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Заңға түзетулер қабылданып, бұл Заң осы институттың өкілеттіктерін айтарлықтай кеңейтіп, күшейте түсті.

Қоғамдық кеңестердің қатары квазимемлекеттік сектор субъектіде 13  орынмен толықтырылып, мемлекетті басқару процесіне тартылған азаматтардың саны 3 мың адамға дейін ұлғайды.

Мәжілісте осы салаларды ынталандыруды дамытуға бағытталған қайырымдылық және волонтерлік қызмет туралы әзірленген заң жобасы қаралуда. Заңнамалық деңгейде градуилендірілген (градуированные) гранттарды енгізу жүйесі әзірленді.

Мәжіліске «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы енгізілді. Ол қоғам өкілдерімен талқылаудың барлық кезеңдерінен өткен болатын.

«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» қолданыстағы заңдарды біріктіретін «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» заң жобасы тұжырымдамасының жобасын әзірлеу процесі басталды.

ҮЕҰ-ға гранттар беру қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді. Алғаш рет олар халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, көпшілік алдында талқыланатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 1200 ҮЕҰ мен волонтерлік ұйымдардың, 300-ден астам білім беру ұйымдарының, 360 ұжым мен кәсіподақтардың қатысуымен «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы іске асырылды. Ұжымдар мен коммерциялық ұйымдардың қайырымдылыққа жұмсаған жалпы сомасы 6,2 млрд теңгеден асты.

800-ден астам қоғамдық белсенділер «ҮЕҰ академиясы» курсынан өтті.

Оқыту 2021 жылы Қазақстан, Ресей, Германиядан келген белгілі сарапшылар мен бизнес-тренерлердің қатысуымен өтті. Жүргізілген жұмыстың арқасында 2021 жылы 34 тренинг шеңберінде азаматтық сектор саласында 42 тренер дайындалды, 42 оқыту тренингі шеңберінде 811 ҮЕҰ өкілдері біліктілігін арттырды, «ҮЕҰ академиясы» мобильді қосымшасы әзірленді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жастар және отбасы саясаты саласында маңызды іс-шаралар іске асырылды.

Осылайша, үш бағыттан, жеті тапсырмадан, 21 көрсеткіштен және 66 ауқымды іс-шарадан тұратын «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасын іске асыру басталды.

«Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар», «Бизнес» және «Медиа» номинациялары бойынша талантты жастарды қолдау мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» жеңімпаздарына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет гранттар тапсырды.

Жастарды қоғамдық пайдалы істерге тарту үшін іс-шаралар өткізілді. Тек Халықаралық жастар күнінде, 12 тамызда, елімізде жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 800 мыңнан астам жастарды қамтитын 200-ден астам онлайн-шаралар іске асырылды. Халықаралық жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т. б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бос орындар жәрмеңкелерін ұйымдастыру болады.

Сонымен қатар биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты Республикалық жастар форумы өтті. Форум барысында прогрессивті жастар 2041 жылғы болашақ ұрпаққа Жолдауы бар криптокапсуланы жіберді. Сондай-ақ, «Ақылды ұрпақ» атты жас ғалымдардың республикалық форумы өтті, оған ғылымның түрлі салаларынан 200-ден астам жас ғалымдар қатысты.

Сонымен қатар 20 жас дарынға «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы тапсырылды, түркітілдес елдердің жас көшбасшылары мен белсенділерінің «Түркістан – түркі әлемінің бесігі» Халықаралық жастар саммиті өтті.

«Мерейлі отбасы» отбасылық құндылықтар конкурсын өткізудің жаңа тәсілдері енгізілді, енді жыл сайын 17 үздік отбасы - әр өңірден айқындалатын болады.

АҚШ-тың Халықаралық діни сенім бостандығы мәселелері жөніндегі комиссиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың діни сенім бостандығы саласындағы ахуалды жақсарту жөніндегі оң өзгерістер мен бастамаларын атап өтті.

Сонымен қатар әлемдегі демократиялық процестерді ескере отырып, дін саласындағы қолданыстағы нормаларды оңтайландыру бойынша заңнамаға жекелеген «нақты» өзгерістер енгізілді.

Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезі хатшылығының XIX отырысы өтті.

Отырыс VII Съезге дайындық барысын және оның пандемиядан кейінгі даму жағдайындағы маңызын, сондай-ақ оны өткізу форматын қарастырды.

Экстремизмге қарсы күрес месседждерін өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған алғашқы қазақстандық комикс әзірленді.

2021 жылы 181 мыңнан астам деструктивті материал жойылып, 324-і бұғатталды, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы діни ағарту бойынша 132 мыңнан астам жұмыс жарияланды.

Террористік белсенділік аймағынан қайтарылған әйелдердің 96%-ы (189-нің 182-і) түсіндіру-оңалту шаралардың арқасында радикалды діни көзқарастардан бас тартты, ал кейбіреулері толығымен зайырлы өмір салтына көшті.

Этносаралық қатынастар мен диаспоралдық саясатты дамыту саласындағы жүйелі шараларды іске асыру жалғасын тапты.

Министрліктің бастамасы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де Қазақстанда және Орталық Азияда алғаш рет «Этносаясат» мамандығы бойынша екі жылдық магистратура ашылды.

Этносаралық қатынастардың өзекті тақырыптары бойынша 15 әдістемелік құрал әзірленіп, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардан 3 мыңнан астам адамды қамтитын 23 семинар-тренинг өткізілді.

Жалпыұлттық бірлік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілету бойынша 2 мыңнан астам адамды қамтыған еліміздің 4 өңірінде республикалық лекторийлер ұйымдастырылды.

Израиль, Болгария, Ресей, Украина және басқа да бірқатар елдердің сарапшыларының қатысуымен «Қазіргі кезеңдегі этносаралық келісім: тәжірибе мен алдағы міндеттер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты базасында талдамалық жұмыстың бірыңғай жүйесі құрылды, барлық өңірлердегі ахуалға далалық зерттеулер ұйымдастырылды.

ҚР АҚДМ қызметкерлері ахуалды зерттеп, этносаралық қатынастарды дамыту жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу үшін Қазақстанның 10 өңіріне мониторингтік сапарлар жасады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен бірлесіп, мемлекеттік тілде «Қазақстан халқының ертегілері» атты 2 томдық кітап жарық көрді.

Кітапқа Қазақстанның 25 ірі этносының 114 халық ертегілері енген.

Қазақстан халқының ертегілер жинағы алғаш рет қазақ тілінде Қазақстанның түрлі этностарының әдеби мұрасы ретінде басылып шығуда.

Түркиядағы диаспоралық саясат шеңберінде Еуропа елдерінен 100-ден астам делегаттың қатысуымен Қазақтардың кіші құрылтайы, 5 ел өкілдерінің қатысуымен Түркі Кеңесінің диаспоралар мәселелері жөніндегі жауапты министрлердің 4-ші отырысы өткізілді, құрамында 88 масс-медиа бар шетелдегі қазақтілді БАҚ қауымдастығы құрылды.

Әлемнің 12 елінде 780 мемлекеттік тіл сабағы өткізілді, оған 1 300-ден астам отандасымыз қатысты.

Өзгелердің жаңалығы