Астана, baq.kz. 2018 жылдың 25 желтоқсанында Нұра ауданының полиция бөлімінің тәртіп сақшылары «ОХОТЗООПРОМ» қызметкерлерімен бірге Нұра ауданының Жаңабөбек ауылынан 30 шақырым қашықтықта ақбөкендердің қалдықтарын тапқан. Бұл туралы Қарағанды облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Табылған қалдықтар бойынша Қарағанды облысының Полиция департаментімен ҚР ҚК-ның 337-бабы 4-тармағы «Заңсыз аң аулау» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүргізілуде.
Сонымен қатар, 2018 жылдың желтоқсан айындағы жүргізілген қызметтік тексеріс нәтижесі бойынша, іске қатысы бар учаскелік полиция инспекторы қызметінен босатылған.
Басқа мәліметтер ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес жарияланбайды.