«Ақ жолдықтар» Алматы облысына барды

23 Ақпан 2023, 14:56
1145
Бөлісу:
«Ақ жолдықтар» Алматы облысына барды
PHOTO
Фото: «Ақ жол» демократиялық партиясы

«Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды үгіт-насихат аясында кездесулері жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Азат Перуашев, Қазыбек Иса, партияның облыстық филиалы төрағасы Мейраш Шынасылова және ҚР Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттығына кандидаттар бастаған үгіт-насихат тобы Rollton және BIGBON брендтерімен өнім шығаратын Қонаев қаласындағы «Маревен Фуд» компаниясының еңбек ұжымымен кездесті.

Мұнда жылына 40 мың тоннадан асатын, 65 түрлі өнім шығарылады. Кәсіпорында 850 қызметкер жұмыс істейді, ал, өнім алыс және жақын шетелдердің оннан астам елдеріне экспортталады.

«Ақ жол» демократиялық партиясы – кәсіпкерлер мен отандық тауар өндірушілердің өкілі. 

«Ақ жолдықтар» Алматы облысына барды

Біз бизнестің мүдделерін қорғау және ілгерілету үшін көп жұмыс жасаудамыз. Бұған дейін сіздердің компанияларыңыз «Ақ жол» демпартиясына кірістер органдарының экспортталатын өнімге ҚҚС қайтарудан бас тартуы мәселесімен жүгінген болатын. Біз Бас Прокурор мен Жоғарғы Сотқа дейін жеттік, кәсіпорын талабының дұрыстығы дәлелденді. «Ақ жол» демпартиясы алдағы уақытта да компанияның дамуын қадағалап, қажет болған жағдайда мұндай маңызды инвестициялық жобаны жүзеге асыруға көмектесетін болады. Оның үстіне, мәселе азық-түлік тауарлары бағасының инфляциясы соңғы жылдары қатты байқалған тамақ өнеркәсібі туралы болып отыр,  - деді Азат Перуашев.

Кездесу барысында «Ақ жол» лидері партияның саяси бағдарламасының басым бағыттарын атап өтті. Ол адал бәсекелестік, әлеуметтік саясат, сыбайлас жемқорлықпен күрес, былтырғы конституциялық реформа және шетелге заңсыз шығарылған қаржыны елге қайтару мәселелеріне жан-жақты тоқталды.

Кездесу емін-еркін пікіралмасуға ұласып, компания қызметкерлері несиенің қолжетімділігі, тұрғын үй бағасы, балалар жәрдемақысы туралы сұрақтар қойды. Жәрдемақыларды талқылау барысында жас қызметкердің бірі Азат Перуашевқа он бала туып беру туралы ұсыныс жасап, көпшіліктің жүзіне күлкі ұялатты.

Азат Перуашев мұндай ұсыныстан бас тартып, балаларды өз күйеуіне тауып беруге кеңес берді. Бағаны ұстап тұру мәселесіне қатысты «Ақ жол» төрағасы Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені көтеріп, несиені қымбаттату саясатын сынға алды.

«Ақ жолдықтар» Алматы облысына барды

Бұл жерде екі маңызды жайт бар: біріншісі – нарықты отандық тауарлармен толтыру. Екіншісі – ақшаның құны. Өйткені, нарықтағы жағдай тауар мен ақша массасының арақатынасымен анықталады. Ақша көп, ал тауар аз болған жағдайда, сәйкесінше тауар қымбаттайды. Ал ақша аз, тауар көп болғанда, керісінше, кері процесс жүреді. Бізде мынандай жағдай болып жатыр: бүгінде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеру, яғни ақша массасын азайту арқылы бағаның өсуін тежеуге тырысуда. Бірақ, сонымен бірге, бізде тұтыну тауарларының отандық өндірісі жеткіліксіз, ішкі нарық импортқа тәуелді. Оған қоса несиелеудің өзінде ауытқушылық орын алды, банктер өндірістен гөрі, тұтынушылықты көбірек несиелеуде. Осылайша, тауар массасын өндіруге және толтыруға ақша жеткіліксіз, сондықтан, олар өте қымбат,- деді партия төрағсы.

Оның айтуынша, тұтынушылық сұраныс жеңілдетілген тұтынушылық несиелеу арқылы ынталандырылуда. Яғни, Ұлттық банктің саясаты инфляцияны тежеудің орнына керісінше нәтиже беруде. Экономиканың өндірістік әлеуетін есепке алмай ақшалай әдістерді абсолютизациялау мүмкін емес.

«Ақ жолдықтар» Алматы облысына барды

Инфляциямен күрес отандық өндірісті дамыту арқылы ғана нәтижелі болуы мүмкін. Бірақ ол үшін несиелерді арзандатып, кәсіпорындарға инвестициялық жеңілдіктер енгізу қажет. Ал кәсіпорындар несиелер бойынша тиімді мөлшерлеме 20%-дан асып кетті деп шағымдануда. Инвестицияның бір бөлігін қайтару немесе қайта инвестицияланған пайданы ҰТС-тен босату сияқты маңызды инвестициялық ынталандырулар іс жүзінде жұмыс істемейді не толығымен алынып тасталған.

Сондықтан бізде де-индустриализация орын алды, бір жағынан өз тауарларымыздың өндірісі қысқарып, екінші жағынан тұтыну қаржыландырылуда. Бұл тұйық шеңберді бұзу қажет,-  деп жауап берді Азат Перуашев.

Сонымен қатар, отырыс барысында кеден саясатын, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету мәселелерін, ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялаудың сауатты және тұрақты саясатын жүргізу қажеттілігін, жаңа агротехниканы енгізу және ауыл шаруашылығы көліктерінің паркін жаңарту мәселелерін қайта қарау туралы сауалдар қойылды.

«Ақ жол» демпартиясы сайлауалды штабының мүшелері, Жетісу қалалық базарында болып, Қонаев қаласының іргелес көшелерін аралап, кәсіпкерлермен және жергілікті тұрғындармен әңгімелесті, олардың өңірдегі ахуалға қатысты пікірлерін тыңдады.

Саудагерлер мен тұрғындар белгілі депутаттарды танып, көкейдегі өзекті мәселелерін айтты. Кәсіпкерлер арасында «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшелері де аз болмай шықты.

Өткен жылы ғана қала облыс орталығы мәртебесін алып, «Қонаев» деген даңқты атауға ие болды. Сондықтан бұл қалаға байланысты үміт пен тілек көп. Тұрғындарға келсек, заманауи әрі кең сауда үйінің қажеттігі, жеке тұрғын үй құрылысына жер телімдері берілген, бірақ әлі күнге дейін суы жоқ «Самал» ықшам ауданының инфрақұрылымын қамтамасыз ету сияқты бірқатар мәселелерді тыңдап, қағазға түртіп алдық. Шағымдардың бір бөлігі баспана мен оның жалға алу бағасының қымбаттауына, жастарға қолжетімді баспананың жоқтығына қатысты. Мүгедек балаларға көмек көрсету туралы өтініштер, полицияның кәсіпкерді ұрып-соғуы, қорқытуы туралы шағымдар бар.Осы мәселелердің барлығын «Ақ жол» демпартиясының қалалық және облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттары назарға алды. Біз адамдарды өз проблемаларымен жалғыз қалдырмауға тырысамыз. Ал, жүйелі проблемаларды «Ақ жол» демпартиясы Парламентте Үкімет алдында көтереді,- деді Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы