Қазақстанның соңғы жаңалықтары

«Ақ жол» штабы «Әр жүрекке - жол» акциясын өткізді

15 Наурыз 2023, 19:43
895
Бөлісу:

Бүгін «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Әр жүрекке - жол» акциясын өткізіп, оның барысында штаб мүшелері Астана қаласының тұрғындарына үгіт материалдарын таратты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Үгіт науқанының аяқталуына санаулы күндер қалды. Еліміздің түкпір-түкпірінде, ірі қалалардан шалғай ауылдарға дейін біздің волонтерлар мен белсенділер халықпен жұмыс істеуде. Бүгін біз «Әр жүрекке - жол» акциясын өткізіп, оның аясында үгіт-насихат материалдарын таратып, тұрғындармен әңгімелестік, партияның саяси бағдарламасын туралы таныстырдық», - деді Астана қалалық штабының мүшесі Аяулым Мұқашева жұмыс барысы туралы.

«Ақ жол» демпартиясы ел аумағы бойынша жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен кездесулерін жалғастыруда.

Өзгелердің жаңалығы