Бұл туралы елордада өтіп жатқан «Ақ жол» партиясының ХІХ құрылтайы кезінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жасырын дауыс берудің нәтижесін айтатын болсақ, жалпы берілген бюллетеньдер саны - 126. Сайлау жәшігінен 126 бюллетень алынды. Оның ішінде бүлінген бюллетеньдер жоқ. Барлық 126 бюллетень жарамды деп танылды, - деп атап өтті қорытынды хаттаманы оқыған Есеп комиссиясының төрайымы Гүлмайса Шаңбаева.
Сонымен қатар ол кандидаттардың қанша пайыз дауыс жинағанын атап өтті.
Жасырын дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, Дүйсенова Сандуғаш Елубайқызы – 8 дауыс (6,4%), Ерубаев Серік Сәрсенұлы – 23 дауысқа (18,2%), Садықов Асқар Аманбайұлы – 14 дауысқа (11,2%). Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну жөніндегі қоғамдық коалицияны қолдау 81 дауысқа (64,2%) ие болды. Барлығы – 126 дауыс, - деді Есеп комиссиясының басшысы.
Еске сала кетейік, бұған дейін партияның ХІХ құрылтайында партия атынан ел президенттігіне үш кандидатты ұсыну туралы айтылған болатын. Партиялық үш үміткердің бірі - жетісулық партияласымыз, журналист Сандуғаш Дүйсенова. Екінші кандидат - Атырау облыстық филиалымыз ұсынған, Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев. Ал үшінші үміткер - «Ақ жол» ҚДП Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Асқар Садықов.