«Ақ жол» неге Тоқаевты қолдады?

6 Қазан 2022, 14:16
988
Бөлісу:
«Ақ жол» неге Тоқаевты қолдады?

Бұл туралы «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір біздің еліміз әлеуметтік-экономикалық жағдай болсын, ішкі саясаты, сыртқы саясаты болсын, тар жол, тайғақ кешуден өтіп жатыр. Әлеуметтік-экономикалық жағына келсек, соңғы кездері Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған шешімдерге түрлі пікір айтылса да, олардың көпшілігі нарықтық экономикаға арналған, мемлекеттің экономикаға қатысуын азайтуға, жеке кәсіпкерлікті қолдауға арналған. Яғни бұл ұсыныстар негізінен «Ақ жол» партиясының көзқарасына жақын, - деді Азат Перуашев партияның ХІХ құрылтайынан кейін тілшілерге берген сұхбатында. 

Партия төрағасының айтуынша, бүгінгі таңда сыртқы саясатта түрлі сын-қатерлер жетерлік.

Одан елімізді сақтау аса маңызды мәселе болып отыр. Меніңше, сыртқы саясаттағы ең өткір, ең қатерлі мәселе – тәуелсіздігімізді, мемлекеттігімізді, жер тұтастығын сақтау болып отыр. Егер осыларды сақтап қалсақ, Қазақстан ертелі-кеш мықты, дамыған, заманауи нарықтық экономикасы бар, демократиясы бар мемлекетке айналады. Ол үшін қазір таңдаған жолымыздан таймауымыз керек. Ішкі саясатты қарасақ, партияның үш жыл бұрынғы саяси бағдарламасында біз парламенттік республика қалайтынымызды айттық. Ал Президенттің Жолдаулары мен референдумда конституциялық реформаның ең басты маңызы – парламентаризм институтын күшейту деп жазылған. Яғни бұл жерде де партияның көзқарасы Президентпен үндес, - деп түсіндірді Азат Перуашев.

Өзгелердің жаңалығы