Ақ үйдің баспасөз хатщысы Каролин Левитт АҚШ пен Ресей бұрынғыға қарағанда дәл қазіргі сәтте Украинадағы бейбітшілікке қол жеткізуге жақын екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Sky News таратқан мәліметке сүйенсек, бұл туралы брифинг барысында белгілі болған.
Біз соңына таяп қалдық... және ешқашан дәл қазіргідегідей бейбіт келісім жасасуға жақын болмағанбыз, - деді баспасөз хатшысы.
Айтуынша, америкалық президент Дональд Трамп "бұл істі соңына дейін апаруға ниетті".
Левитт сондай-ақ Трамп ресейлік әріптесі Владимир Путинмен ертеңге жоспарланған телефонмен сөйлесуі сәтсіз аяқталса, РФ-ға қарсы санкция енгізу мүмкіндігін қарастыра ма деген сұраққа жауап берген.
Бұл – президент талқылаған және қажет болған жағдайда қолдануға дайын нұсқалардың бірі, - деп атап өтті Левитт.
Еске салайық, бұған дейін Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Батыстың Ресейге қарсы енгізген санкциялары Украина бойынша бейбіт келісім аясында жойылуы мүмкіндігін айтқан болатын.