Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ақ үйде шу шықты: Илон Маск мемлекеттік хатшымен ұрсысып қалды

8 Наурыз 2025, 04:16
1785
Бөлісу:
 Kevin Lamarque/Reuters
Фото: Kevin Lamarque/Reuters

Үкіметтік тиімділік департаментін (DOGE) басқаратын америкалық миллиардер Илон Маск пен АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ақ үйдегі министрлер кабинетінің отырысында ұрысып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

The New York Times жазған мәліметке сәйкес, араға Трамптың түсуіне тура келген.

Рубио мемлекет басшысының қасында отырып, әлемдегі ең бай адамның кінәлауын естігеніне ашуға булыққан.

Ал мемлекеттік хатшыға қарама-қарсы отырған Маск оны өз штатын қысқартпағаны үшін қатаң сынға алған.

Мәлім болған ақпаратқа сәйкес, мемлекеттік хатшы Маскқа әсіресе оның командасы Рубионың бақылауында болған тұтастай агенттік – АҚШ халықаралық даму агенттігін (USAID) жауып тастағаны үшін ашуланған.

Жағдайдың ушыққаны сонша, министрлер кабинетінің Трамптың және тағы да 20 адамның қатысуымен өткен кездесуінде президент араға түсіп, Рубионы қорғаған.

Президенттің айтуынша, Рубионың жұмысы шаш-етектен: ол үнемі сапарда жүреді, телеэфирлерге қатысады, агенттікті басқарады. Сондықтан баршаның бірігіп жұмыс істегені дұрыстығын ескерткен.

Бұған дейін Трамп департаментті басқаратын Масктың құзіретіне шектеу қойған еді. Бұл қадамға ол Масктың тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге қатысты оларды жаппай жұмыстан қысқарту туралы қорқытудан соң барған.

Өзгелердің жаңалығы