Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт АҚШ-тың экс-президенті Джо Байденді тауық жұмыртқасының тапшылығына кінәлі ретінде айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Левиттің айтуынша, бұрынғы президент Джо Байденнің әкімшілігі биліктен кетер алдында бүкіл ел бойына сегіз млн тауықты өлтірген.
Баспасөз хатшысы сол себепті жұмыртқаны тасымалдаудың кідіріп, бағаның өсуі пайда болды деп есептейді.
Байден әкімшілігі президент Трамптың ұлықтау рәсімінің алдында сегіз млн тауықты өлтірді. Бұл өз кезегінде жұмыртқаның жеткізілуі мен бағаның өсуіне алып келді, - деп жазды ол Х әлеуметтік желісіне.